Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

0 0

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы қымбаттады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сауда-саттық нәтижесінде, шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,26 долларға көтеріліп, баррелі 77,47 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,22 долларға қымбаттап, баррелі 71,36 долларға жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.