Салмағы 6 келі алып сәби дүниеге келді

0 1

Екібастұзда салмағы 5,9 келі алып сәби дүниеге келді, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz— ке сілтеме жасап.

Сәбидің анасы Олеся Бунинаның айтуынша, ол 23 сәуірде босанған. Нәрестенің есімі — Савелий. Оның салмағы — 5,912 келі, бойы — 69 сантиметр.

«Жүкті болған кезімде, ішімнің үлкен болуына байланысты дәрігерлер баланың салмағы төрт немесе бес келі болатынын айтты. Алайда олар алты келі болатынын ойламаған. Сәби туғанда ол біздің ұлымыз ба? — деп бірнеше рет сұрадық. Ұлымыз осындай алып болатынына сенбедік. Туған сәтте ол бір айлық балаға ұқсас болды», — деді әйел.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.

«Оның тәбеті өте жақсы, менің сүтім жеткіліксіз. Сол себепті қосымша сүт береміз», — дейді Олеся Бунина.

Бұл отбасындағы үшінші бала, жұптың он және төрт жастағы екі қызы бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.