Жамбыл облысында 5 жасар қызды пойыз қағып кетті

0 9

Жамбыл облысында теміржолда қайғылы оқиға болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 мамырда 11:45-те Таразда 5 жасар қыз Құмшағал — Шөлдала станциясы №1 пикеті өткелінің учаскесінде жүк пойызының астына түсіп, ауруханаға жеткізілді», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қызды басып кеткен Жамбыл — Арыс бағытындағы №2201 жүк пойызы. Бұл оқиға осы теміржолдағы басқа пойыздардың қозғалысына кері әсер еткен жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.