«Men qazaqpyn» мега жобасының іріктеу кезеңі басталды

0 1

Осы орайда, бүгін ӨКҚ «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Жасұлан Әбдіманап, облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев және облыс әкімдігінің халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Дүтбаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын көпшілікке насихаттау мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен облыстық, аудандық әкімшіліктердің қолдауымен «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы «MEN QAZAQPYN» халықаралық мегажобасын өткізген болатын.

Осыған сәйкес, биыл да xалықаралық мегажобаның екінші маусымын өткізу жоспарланып отыр.

Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңдері 10-19 маусым аралығында аудандарда басталады. Ал облыстық іріктеу 14-маусымда ұйымдастырылмақ. Осы кезеңнен жеңімпаз атанған 1 әнші, 1 күйші, 1 термеші республикалық сайысқа жолдама алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.