Таразда Халықаралық кардио- конференция өтті

0 2

Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының ұйымдастыруымен Орталық Азияда алғаш рет жүрекке жасалған отаның 60-жылдығына арналған «Созылмалы жүрек жетіспеушілігі» тақырыбында конференция өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Оған Қазақстан, Индия, Пәкістан, Жапония, Туркия, Ресей және т.б. шет мемлекеттердің білікті кардиологтары мен кардихирургтары қатысып, жүрек ауруы жөнінде пікірлерімен алмасып, тәжірибелерімен ой бөлісті.

«Өткен жылы біздің орталықтың дәрігерлері 3 ай бойы жүрек алмастыру отасы жақсы дамыған Индияның Ченнай қаласында профессор Баланкришнанға барып оқып, ота жасау әдістерімен танысып келді. Клиникамыз кішкентай болғанымен, мақсатымыз үлкен. Біз жүрек алмастыру оталарына даярлық үстіндеміз. Кеше алғаш рет Турцияның Измир қаласы Эргей Университетінің медициналық орталығынан келген Мұстафа Озбаран мен Чагатай Энгин созылмалы жүрек жетіспеушілігі ауруымен ұзақ жылдардан бері ауырып келе жатқан 61 жастағы облыс тұрғынына жүректің сол жақ қарыншасына соңғы үлгідегі Америкалық «LVAD- HeartWare» медтроник аппаратын орналастыру операциясын жасап көрсетті. Ота сәтті өтіп, пациент өзіне келді», — деді хирург, профессор Сейітхан Жошыбаев.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындарына тәулік бойы жоғары мамандандырылған облыстық аурухананың кардиохирургиялық бөлімі, Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы және «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасы қызмет көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.