Мұнайдың бағасы көтерілді

0 0

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы қымбаттады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сауда-саттық нәтижесінде, шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,11 долларға көтеріліп, баррелі 78,23 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,26 долларға қымбаттап, баррелі 70,96 долларға жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.