WhatsApp-тағы топтарға арналған жаңа функциялар енгізілді

0 1

WhatsApp-тағы топтан шығып кеткендер енді сол топқа қайта қосыла алмайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Экранда топтың мақсатын, ережелерін немесе тақырыбын жазуға болатын қысқаша аңдатпа пайда болады. Топқа жаңадан қосылғандар экранның жоғарғы бөлігінде топтың сипаттамасын көреді.

Топтың әкімшілері оның атын, суретін, сипаттамасын өзгерте алатын адамдарды да бақылай алады. Егер пайдаланушы топтағы чатқа біраз уақыт қатыспаған болса, чаттың оң жақ, төменгі бұрышында орналасқан «@» пернесін басу арқылы өзіне арналған хабарламаларды жылдам қарап шыға алады.

«Әкімшілер топтың басқа қатысушыларын әкімші болу құқығынан айыра алады. Ал сол топты ашқан пайдаланушыларды топтан шығарып жіберу енді мүмкін емес», — делінген хабарламада.

Топтан шығып кеткен пайдаланушыларды сол топқа қайта қосуға болмайды. Осы функциялар Android және iPhone қолданушыларына бүгіннен бастап қолжетімді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.