Жазға екі апта қалғанда Қазақстанда қар жауады

0 1

Жазға екі апта қалғанда еліміздің кейбір өңірінде жабысқақ қар жауады. Синоптиктер республиканың солтүстігі мен орталығында суық сақталатынын ескертеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аудандарына Батыс Сібірден арктикалық суық фронт жылжып келеді. Оның ықпалынан күн суытып, жауын-шашын болады. Кей жерлерде жаңбыр соңы жабысқақ қарға ұласады. Ауа температурасы нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп болжанады», — деп хабарлады Қазгидромет.

Ал Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа-райын төменгі атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Бұл өңірлердің кейбір жерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Батыста ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормаға жуық болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.