Қазақстандық студент қыз Ангела Меркельмен тілдесті

0 4

Өскемендік студент, 24 жастағы Анна Архипова Германияның канцлерімен кездесіп, Меркельмен не туралы сөйлескенін айтып берді. Бойжеткеннің сөзінше, бұл жағдай бундестагтің дәлізінде орын алған. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Анна Германиядағы ЖОО-лардың бірінде білім алып жатыр. Бойжеткен қатаң іріктеуден өтіп, оқу бағдарламасы бойынша бундестагке бару мүмкіндігіне ие болған.

Студенттің сөзінше, ол бундестагтің дәлізінен Ангела Меркельді жиі көреді екен. Алайда Германия канцлерімен тілдесу бір рет қана мүмкін болыпты. Десе де Меркельдің өзі қазақстандық бойжеткенге назар аударып, әңгімеге тартыпты.

«Сол күні ол партия фракциясының отырысына келді. Ол маған назар аударып, екеуіміз сөйлесіп кеттік. Канцлерді менің Қазақстаннан келгенім қызықтырды. Осы тақырып төңірегінде біраз сөйлесіп, мұнан кейін ол маған тәжірибеден өту барысында сәттілік тіледі. Соңында екеуіміз қол алыстық», – дейді студент.

Бойжеткеннің сөзінше, неміс шенеуніктері өздерін қарапайым азаматтармен тең ұстайды екен.

«Ангела Меркель көлігімен  Берлин көшелерімен жүруі үшін, жолдарды жаппайды. Ол өзін қатардағы азамат сияқты ұстайды және жолында кездескен адаммен оңай тілдесіп кете алады», – дейді ол.

Анна Архипова қалалық №10 гимназияны, Алматыдағы Қазақ-Неміс университетінің бакалавриатын үздік тәмамдаған. Мұнан кейін Германияда магистратураны жалғасырыпты. Ол мұндай жетістікке өзінің дарыдылығы мен қажыр-қайратының арқасында жеткен. Бойжеткеннің сөзінше, сонымен қатар ол мұғалімдерінің еңбегінің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр.

Студент қыз білім алу үшін ақша беріп немесе басқа да ерекше шарттарды орындамаған. Ол әрдайым оқуға ынта білдіріп, білім алужан жалықпапты. Нәтижесінде, ол ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгеріп, Германиядағы жоғары заң шығаратын органда тәжірибеден өтіп жатыр.

Ал бундестагке «Internationales Parlaments-Stipendium des deutschen Bundestages» (Неміс бундестагінің халықаралық парламенттік стипендиясы) бағдарламасының аясында тап болған. Оған әлемдегі 40 мемлекет бойынша жастар қатысады.

«Мен алатын шәкіртақымды тек өзіме жұмсаймын. Сонымен қатар,  маған тұратын орнымды, сақтандыру мен жолға кететін шығынды төлеп беріп отыр. Бұл – неміс тілін білетін қазақстандықтар үшін, шынымен де, тамаша мүмкіндік», – дейді Анна.

Leave A Reply

Your email address will not be published.