«Астана банкі» клиенттеріне алаяқтар туралы ескерту жасады

0 0

«Астана банкі» өз клиенттеріне ақша шығару қызметі түріндегі алаяқтық жағдайы жиілеп кеткені туралы ескерту жасады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Банк клиенттерінен сақтық танытып, алданып қалмауын және мұндай жағдайда бірден банкке хабарлауын сұрады.

«Сіздерге алаяқтық жағдайы жиілеп кеткенін мәлімдейміз. Алаяқтар ақшаны шығару қызметі түрінде қолданушының картасы туралы барлық мәліметте сұрайды. Оның ішінде картаның нөмірі, қолданылу мерзімі, және CVV-коды бар», – делінеді банк хабарламасында.

Сондай-ақ, банктің баспасөз қызметі барлық сенімді ақпаратты  банктің ұжымдық сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары мен байланыс орталықтарынан алуға болатынын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.