Жамбылда 100-ге жуық көрме жәдігерлері халыққа ұсынылды

0 1

18 мамыр — Халықаралық мұражайлар күні. Осыған орай, 16 мамырда  облыстық «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Киелі өлке жауһарлары» атты көшпелі көрме  ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Аталған іс-шара Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен жүзеге асты.

Көрме бойынша жасақталған жәдігерлер «Халық өнері — асыл қазына» атты шекелік, шолпы, алқа, сырға, бойтұмар, білезік, секілді зергерлік әшекей бұйымдардан құралған.

Аталған көрмеге мәдениет саласы өкілдері, мұражай қызметкерлері, студенттер мен оқушылар және қала тұрғындары қатысты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.