Таразда көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

0 5

Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов көпбалалы аналарды салтанатты түрде «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгілерімен марапаттады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Әйел, отбасы, қоғам – бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Сіздер ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай – ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлғасыздар. Отбасында бала тәрбиелеп, жұбайларыңызға сүйеу бола білген, әр салада тынбай еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосқан Сіздердің еңбектеріңіз әрқайсымыз үшін үлгі – өнеге. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, ғұмырларыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Осынау мәртебелі дәрежелеріңізбен шын жүрекпен құттықтаймын!», — деді қала әкімі.

«Алтын алқа» төс белгісін таққан ананың бірі — Алтынгүл Ерманова. Жасы 64 -ке келген қария отбасымен Өзбекстаннан қоныс аударған. 7 баланың ата – анасы қазір зейнеткерлер, отағасы 74 – те, жас кезінде бригадир, мал дәрігері болса, апамыз балаларының жағдайын жасап, үй шаруасымен айналысқан. Қазіргі уақытта балаларынан 19 немере сүйіп отырған бақытты ата мен әже. Қариялардың балаларының барлығы әртүрлі мамандықдың иегерлері атанып, еліміздің өңірлерінде қызмет атқаруда.

Еске салайық, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» 1993 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бекітілді. «Алтын алқа» наградасы жыл сайын жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.