Жамбыл облысында жанған көліктен ер адамның мәйіті табылды

0 2

Меркі ауданына қарасты Жамбыл ауылының аумағындағы «Алматы-Ташкент» тас жолының бойында «Mazda-626» маркалы автокөлігі өртеніп, ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Өрт оқиғасы 17 мамыр күні таңғы сағат 6 шамасында болып, көлік толықтай жанып кеткен. Өртке қарсы қызмет шақырылмаған.

Қазіргі уақытта, ер азаматтың қаза болу себебі және жеке тұлғасы анықталуда.

Сонымен қатар, 16 мамырда Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында тұрғын үй ауласында жиналған 1000 түк шөп өртенген. Өрт ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техниканың күшімен толық сөндірілген. Жарақаттанғандар мен қаза болғандар болмаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.