Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау!

0 0

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және полиция қызметкерлерімен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізуде, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Құтқарушылар тыйым салынған жерлерде шомылмау, қоршау белгісінен тысқары жүзбеу, шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмау, жалған дабыл бермеу, мас күйде суға түспеу, балық аулау, жүзуге құтқару құралдарынсыз шықпау, суға қайықтан, катерден секірмеуді ескертеді.

Айта кететін жайт, жазғы маусымда судағы төтенше жағдайлардың болу себептері азаматтардың немқұрайлығынан, барлық ескертулер мен және тыйым салу белгілеріне жеңілтек қарауынан, демалғанда және шомылғанда қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болып тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.