Жамбылдық оқушылар сапта жүріп ән айтудан жарысты

0 6

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай, жылдағы дәстүр бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауы болып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Әділқазы мүшелері ретінде қорғаныс істері жөніндегі департаментінің офицерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, отставкадағы полковник Мадияр Байжанов, облыстағы «Қарулы Күштер ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, запастағы подполковник Рамиль Тартыков, Жамбыл облысының «Отан» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Қалдыкүл Əбдірахманова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов шақыртылып, өз бағаларын берді.

Сайысқа қатысқан 12 команда сапта взвод бойынша амандасу, салтанатты шерумен жүру, бір қатардан түзеу және керісінше, саптық жүріс, қозғалыстағы бұрылыстар (оңға, солға, артқа), әскери жеке сәлемдесу, саптан шығу, бөлімше бойынша оңға, солға, артқа бұрылу, саптық жүрісте әскери сәлемдесу және патриоттық әндерді мемлекеттік және орыс тілдерінде взвод құрамында орындау сияқты тапсырмаларды орындады.

Сайыста гран-приді Тұрар Рысқұлов ауданы, К.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің оқушылары, 1-орынды Тараз қаласындағы №41 мектеп-гимназиясы, 2 — орынды Мойынқұм және Меркі аудандарының оқушылары, 3- орынды Сарысу ауданының М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы және Тараз қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатының оқушылары иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған топтар мадақтама грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.