Қазақстанда заңсыз зейнетақы алып отырған Ресей азаматы ұсталды

0 0

Павлодар облысы Качир аудандық сотында ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігінің 1 тармағына сәйкес алаяқтық жасағаны үшін Ресей азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық іс бойынша азамат Ш. Ресей Федерациясының азаматы бола тұра 09.01.2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресей Федерациясының Новосібір облысы бойынша зейнеткерлік қоры бөлімінде кәрілікпен сақтандыру зейнетақысын алушы ретінде есепте тұрғаны анықталды. Қазақстан Республикасында заңсыз зейнетақы алу мақсатында ол  25.01.2005 жылы Республикалық зейнетақы төлеу орталығының Павлодар облысы бойынша департаментінің Качир аудандық бөліміне төлем тағайындау туралы арызбен жүгінген. Азамат Ш. өзінің Қазақстан Республикасының азаматы емес екендігін және Ресей Федерациясында Зейнетақы қорында есепте тұрғандығын қасақана жасырған. Нәтижесінде оған Қазақстанда зейнетақы тағайындалған. Алаяқ зейнеткер мемлекетке 3 988 704 (үш миллион тоғыз жүз сексен сегіз мың жеті жүз төрт) теңге көлемінде нұқсан келтірген.

Сот алаяқтың қартайған жасын ескеріп, оған сынақ бақылауды орнату арқылы шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.