Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 6

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің келісімімен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаевтың жасы 40-та. Жоғары білімді. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей Кеден академиясын бітірген.

1999 — 2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы кеден органдарының инспекторынан бастап бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған;

2014-2016 жылдары- «АгроНК» ЖШС директорының орынбасары;

2016 жылдың ақпан айынан — 2017 жылдың шілде айына дейін — «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары;

2017 жылдың шілде айынан — 2018 жылдың қаңтар айына дейін — Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстары комитет басшысының орынбасары;

2018 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін — Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі; құрылыс, автомобильдік жолдар және жолаушылар тасымалы, денсаулық сақтау салаларында  жауапты қызметтерді атқарған.

Осыған дейін бұл қызметте болған Ғалымжан Әбдірайымов Тараз қаласының әкімі қызметіне ауысқан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.