Қазақстанның екі облысында нөсер жаңбыр жауады

0 0

Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, 23 мамырда нөсер жаңбыр жаууына байланысты Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы өзендер арнасынан тасуы мүмкін.

22 мамыр күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

22-23 мамыр күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды; 22-24 мамыр күндері солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, шаңды дауыл соғады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.