Жыл соңына дейін латын әрпіндегі қазақ әліпбиінің грамматика ережелері бекітіледі

0 1

Осы жылдың соңына дейін латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің грамматикалық ережелері бекітіледі. Бұл туралы Алматыда «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда ғалымдар арнайы тұжырымдама әзірлеп жатыр. Соның негізінде тиісті ережелер жарияланады. Ол ана тіліміздің дыбыстық жүйесі мен заңдылықтарын ескере отырып, жасалады. Латын графикасына бұрынырақ көшкен түркі халықтарының жетістіктері мен кемшіліктері де ескеріледі. Дегенмен, ғалымдар «ережелерді түбегейлі бекітпей тұрып, кейбір дыбыстардың таңбалануын түпкілікті шешіп алу керек» дейді.

Зейнеп Базарбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор:

— Ережелер, заңдылықтар – бәрі дайын болғанда оны таныстыру керек қоғаммен. Сонда олар дұрыс жазып кетеді. Себебі жазу деген бөлек, айту деген бөлек. Орфография — ол өте күрделі сала. Сауатты жазу үшін орфографияның ғылыми негізін білу керек және әріп, фонема, дыбыс деген ұғымдар бар, солардың қарым-қатынасын жақсы білу керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.