Мұнайдың бағасы қымбаттады

0 0

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады, — деп хабарлайды «Zhambulnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,71 долларға көтеріліп, баррелі 79,22 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,96 долларға қымбаттап, баррелі 72,24 долларға жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.