Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікті бұғаттай алады

0 0

Апта соңына дейін қазақстандықтарға жеке мәліметтерін пайдалануға тыйым салу қызметі қолжетімді болады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық. Басқаша айтқанда, тіпті ХҚО қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс», — деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басшысы Абылайхан Оспанов.

Спикердің айтуынша, бұл —  Азаматтарға арналған үкімет пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жобасы және ол екі кезең бойынша жүзеге асырылады.

Бірінше кезеңде апта соңына дейін электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде мәліметтерге қолжетімділікке тыйым салу функциясы қосылады. Осы функция арқылы порталдың әрбір қолданушысы жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады немесе жауып тастай алады.

Айта кетерлігі, тыйым салу функицясын тек жеке кабинет арқылы ғана жасауға болады.

Екінші кезең — жеке мәліметтерге қолжетімділікті тыю функциясын өшіру үшін СМС қызметін іске қосу керек. Яғни егер қолжетімділік бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгізгенде ХҚО операторы қолжетімділікті ашу туралы СМС-хабарлама алады. Қызмет алушының СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмыскері қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсете алады.

Сондай-ақ, Оспанов бұл қызметті қолдану үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажеттігін баса айтты. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.