Ғарышкерлер ғарыштан Қазақстанға құттықтау жолдады

0 3

Халықаралық ғарыш станцияның 55-ші экспедициясының мүшелері ғарыштан Қазғарыштың 25 жылдығына орай құттықтау жолдады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz — ке сілтеме жасап.

«Біз Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің ұжымын, ғарыш саласында істейтін барлық қызметкерді Қазғарыштың 25 жылдығымен құттықтаймыз. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының және Ресеймен етене ынтымақтастығының арқасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы жаңа мәртебеге ие болды. Бүгінде «Байқоңыр» Қазақстан, Ресей және басқа да елдердің ғарыш ведомстволарының өкілдері бірге жұмыс істейтін халықаралық ғарыш айлағына айналды», — деді Олег Артемьев КADEX-2018 көрмесі аясында өтіп жатқан «Қазғарыштың 25 жылдығы» атты халықаралық форумында.

Оның пікірінше, Қазақстан 25 жылдың ішінде ғарыш саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізген. Осы орайда халықаралық ғарыш станциясының 55-ші экспедициясының тағы бір мүшесі Антон Шкаплеров өзінің ізгі тілегін білдірді.

«Бүгінде мұнда заманауи ғарыш жүйелері мен ғарыш аппараттары жасалып, жұмыс істейді. Біз ғарышты бағындырған үш әріптесіміздің Қазақстаннан болғанына қуаныштымыз. Олар — Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. Қазақстан ғарышкерлер үшін ерекше ел. Ал Байқоңыр — біздің екінші үйіміз. Ресейліктер мен қазақстандықтарды ғарыш жақындастыра түседі», — деді ресейлік ғарышкер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.