Жуалы ауданында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді

0 8

Жамбыл облысы Жуалы ауданында ағымдағы жылдың 22-23 мамыр аралығында облыстық ТЖД жедел тобының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін, сондай-ақ жергілікті басқару органдарын көктемгі сел қауіпті кезеңде төтенше жағдайларды жою дайындығы жүргізілді.

Сондай-ақ, оқу-жаттығудың мақсаты жауын-шашынның көп болуы нәтижесінде Ақсай өзені суының деңгейі артып, жағалауға жақын орналасқан тұрғын үйлерге су басу қауіпін төндірді. Осыған сәйкес, барлығы 12 техника мен жеке құрамның 65 адамы жұмылдырылды.

Шара барысында Жуалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жағалауда нығайту жұмыстарын өткізді. Нәтижесінде, барлық жұмылдырылған күштер мен құралдар кез келген төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайын екендіктерін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.