Таразда IV-ші облыстық сапта жүріп ән айту байқауы өтті

0 22

Жамбыл облысының арнайы – орта білім беретін колледж студенттері арасында ҚР бірінші Қорғаныс министрі, «№1 Халық қаһарманы» армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың 94 жылдығына арналған «Сапта жүріп ән айту» байқауы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Сайысқа 12 командадан құралған Тараз қалалық және аудандық сапта жүріп ән айту байқауларының жеңімпаздары қатысып, облыс деңгейінде өздерінің алғашқы әскери дайындық пәнінен жыл бойында алған білімдерін көрсете білді.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылар сапта взвод құрамында амандасу, салтанатты шерумен жүру, бір қатардан түзеу және керісінше, саптық жүріс қозғалыстағы бұрылыстар (оңға, солға, артқа), әскери жеке сәлемдесу, саптан шығу, бөлімше бойынша оңға, солға, артқа бұрылу, саптық жүрісте әскери сәлемдесу және патриоттық әндерді мемлекеттік және орыс тілдерінде взвод құрамында орындау сияқты тапсырмаларды орындады.

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Қаратау гуманитарлық технологиялық колледжі студенттері иеленді, бірінші орынды Меркінің №9 колледжі студенттері алса, екінші орынға Құлан ауыл шаруашылық колледжі мен «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі взводтары бөлісті, ал жұбанышты үшінші орынды Жаңатас әртараптандырылған колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі және Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі өзара бөлісе білді.

Жүлделі орындарға ие болған топтар мадақтама грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.