Таразда «DOSTUPNOYE PRAVO» Ассоциациасының ашық есік күні өтеді

0 6

Сіздерді ағымдағы жылдың 26 мамыр күні өтетін Тараз қаласы Төле би көшесі №68 ғимаратында орналасқан Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында сағат 10:00 – 15:00 аралығында «DOSTUPNOYE PRAVO» Ассоциациясының ашық есік күніне қатысуға шақырамыз. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«DOSTUPNOYE PRAVO» Ассоциациясы халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарылату бойынша жұмыс жүргізеді.

Бүгінгінің өзекті бір сұрағы – екінші деңгейлі банктердің несие беру кезіндегі заңсыз комиссия ұстауы. Республиканың қаржы мекемелері ұзақ уақыт бойы ел тұрғындарының хабарсыздығын пайдаланып, несиелік пайыздарға шотты жүргізгендері үшін және басқа да комиссияларын қосқан.

Іс жүзінде – ссудалық шотты жүргізгені үшін және несиеге қызмет көрсеткені үшін комиссиялар – заңсыз.

Бұл мәліметтер Ұлттық банктің 2012 жылғы 9 ақпандағы № 667/206/740 хатында жариялаған. Соған сәйкес – несиеге қызмет көрсету банктің жеке қызметі ретінде қарастыруға болмайды.

Брифингке қатысушылар:

Қаби Рүстем Ақышұлы – «DOSTUPNOYE PRAVO» Ассоциациясының басқарма төрағасы.

Калдыгулова Айгерим Ерлешовна — «DOSTUPNOYE PRAVO» Ассоциациясының БҚО бойынша өңірлік өкілі, аға заңгер.

Тымбаев Алиби Бауыржанович — өңірлік менеджер, кеңесші

Бердалиева Лейла Бауыржанқызы – Жоба координаторы, кеңесші

Буденеев Гани Кенесбекович – Жамбыл облысы бойынша «DOSTUPNOYE PRAVO» Ассоциациясының Тараз қаласындағы ресми өкілі;

Байланыс тұлғасы: Бердалиева Лейла Бауыржанқызы,

+7 777 999 99 74

Leave A Reply

Your email address will not be published.