Елдос Сметов Қытайдағы әлемдік Гран-приді жеңіп алды

0 0

Финалдық кезеңде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев кездесті. Елдос Сметов Хух-Хотода (Қытай) өтіп жатқан әлемдік Гран-при кезеңінде чемпион атанды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Prosports.kz ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан Елдос Сметов  алғашқы кездесуінде жапон Юма Ошиманы қосымша уақытта (голден скор) вазари ұпайымен, екінші айналымда ресейлік Роберт Мшвидобадзені уақытынан бұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Бразилия дзюдошысы Пелим Фелипені иппон ұпайымен ұтып, финалға шыққан болатын.

Ал Ғұсман Қырғызбаев финалға дейін жеңіліссіз 3 кездесу өткізді. Ол алғашқы белдесуінде Солтүстік Кореялық Пае Донг Жонгпен кездесіп иппонмен жеңсе, екінші белдесуінде моңғолиялық Ганбад Болдбаатарды ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Амартувшин Дашдавааны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Осылайша финалдық кезеңде екі қазақ кездесіп, Сметов басым түсті. Қырғызбаев күміс жүлдегер атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.