Алматы әуежайында қылмыстық топ Түркиядан контрабандалық алтын өткізбек болған

0 0

Алматы әуежайында Түркиядан контрабандалық алтын бұйымдар өткізбек болған қылмыстық топтың жолы кесілді, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2018 жылғы 25 мамырда Алматы халықаралық әуежайында ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мүшелері өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Түркиядан зергерлік бұйымдар контрабандасын жүзеге асырған ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті», — делінген хабарламада.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде олардан 103 миллион теңге сомасына салмағы 13 келіден астам зергерлік бұйым алынды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 234-бабы 3-б. 1-т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.