Елімізде төртем дүние есігін ашты

0 0

Қарағанды облысының перинаталды орталығында алғаш рет төртем дүниеге келді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Регина Горх перинаталдық орталыққа ауыр акушерлік патологиямен ерте жүктіліктің 28 аптасында жеткізілген болатын. Біздің акушер-гинекологтарымыздың күш-жігерінің арқасында балалардың өкпесі жатырда пісіп-жетілуі үшін жүктілікті 31 аптаға дейін ұзарту мүмкін болды»,- деді Қарағанды облыстық перинаталды орталығының директоры Сәуле Аманбекова.

Биыл 4 сәуірде ол кесарь тілігімен үш ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Балалар шала туылғандықтан, олардың салмақтары 1095 грамм, 1745 грамм, 1890 грамм және 1760 грамм болған.

«Анасы мен балалар бір ай бойы интенсивті терапия бөлімінде жатты. Олардың өмірі үшін дәрігерлер мен медбикелер күресті. Егіздердің әкесі де күні-түні қастарында болды», — деді Сәуле Аманбекова.

Қазіргі таңда балалар жетіліп, салмақ қосқан. Өз кезегінде, ата-анасы сәбилерге мынадай есімдер берді — Эмма, Вильгельм, Иоганн және Готтлиб.

«Бізде егіздер, үшемдер жиі дүниеге келеді. Бірақ, төртемдер алғаш рет туылды», — деп атап өтті облыс орталығынан. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.