Астаналық жас түлек әлемнің 7 университетіне оқуға түсті

0 1

Астанадағы дарынды балаларға арналған №9 “Зерде” мектебінің түлегі Нұрәли Сарбақыш жеті бірдей әлемдік университетке оқуға түсіп, рекорд орнатты. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Мектепті 5-тікке аяқтап жатырмын, Алтын белгіні ақтауға тырысамын. Мені 7 бірдей жоғары оқу орны қабылдады. Оның ішінде біреуі қазақстандық университет. Атап айтсам, оқу орындарының бірі – Кипрдегі Lefke еуропалық университет, екіншісі Германия мен Бремендегі Jacobs университеті, тағы үш оқу орны Қытайда: Пекин, Шанхай және Хуфей”, – дейді Нұрәли.

Сондай-ақ, елордалық оқушы Назарбаев университетінің Foundation бағдарламасы бойынша оқуға қабылданған. Сондай-ақ, бірден бакалавриатқа түсуге өтініш білдірген. Бакалавриаттың жауабы тек бірнеше айдан кейін дайын болады. Бұл екеуінің айырмашылығы сол, Foundation бағдарламасына ағылшын тілі мен алпы пәндерді оқу курсы кіреді. Сәйкесінше, ол кезде оқу ұзақтығы бакалавриатқа қарағанда бір жылға артық болады.

«Жалпы дайындықты 9-10 сыныпта бастау керек. Ағылшын тіліне көбірек көңіл бөліп, шетелдік емтихандарды тапсыру керек. Соған көп уақыт жұмсау керек. Себебі талапкердің академиялық тарихы мінсіз болуы шарт. Сондай-ақ, сен өзің жайлы эссе жаза білуің керек. Емтихан нәтижесі айтарлықтай керемет болмаса да, мақсаты айқын жігіт екеніңді дәлелдей алсаң, оны қағазға түсіре алсаң, қабылдау комиссиясында отырған адам сенің ақылды жігіт екеніңді түсінеді”, – дейді оқушы.

Нұрәли болашақта компьютерлік технология саласында инженер болуды жоспарлап отыр.

Нұрәли оқу жылының басында халықаралық SAT және IELTS емтихандарын тапсырған. Нұрәли әлі оқу орнына таңдау жасамаған. Алайда ол қазақстандық университетті де таңдауы мүмкін екенін жасырмайды.

«Әлі нақты шешім қабылдаған жоқпын. Бірақ Германия мен Катарды таңдағым келеді. Менің мамандығым бойынша алда келе жатқан елдер осы сияқты. Бірақ Қытайда да өте жақсы. Әлі таңдамадым. Қазақстандық университетті де қарастырып жатырмын. Оның жауабы жақында ғана келгендіктен, әлі ойланбадым. Сондай-ақ, мен Сүлейман Демирел университетінің олимпиадасында 4-орын алдым. Онда маған грантқа 50% кепілдік бар. Kimep-те екінші орын алдым, ол жақта да 50% грант. Бірақ мен бас тарттым”, – деп атап өтті ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.