Жамбыл облысында менингококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

0 0

Облыс аумағында жыл басынан менигококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Денсаулық басқармасына сілтеме жасап.

2017 жылы облыс бойынша менингококк инфекциясының 1 жағдайы ғана қаңтар айында тіркелген. Өлім жітім жағдайлары тіркелмеген.

Менингиттің эпидемиологиялық кезеніне байланысты облыста әрбір аудан аумағында сырқаттанушылық көрсеткіштеріне, эпидемиялық маңызды нысандардың (ашық су қоймалары, ағын сулар, бассейн, фонтандар) санитариялық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Менингококкты инфекция – ми мен жұлынның қабынуы. Жұқпа көзі – науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы. Науқаспен немесе бактерия тамысымалдаушымен қатынас болған кезде ауалы-тамшылы жолмен, тұрмыстық-қатынас ыдыс-аяқ, ойыншықтар арқылы, тағам арқылы жуылмаған жеміс, жидек, көкөністер арқылы, ашық су қоймалары немесе фонтандарда шомылу арқылы беріледі.

Иммунитетті нығайту (шынығу, физикалық жүктемелер, серуендеу); ауыз су ретінде тек қайнатылған немесе арнайы бөтелкелердегі суды пайдалану; көкөністерді, жеміс-жидектерді таза сумен жуу, әсіресе балаларға тамақ берер алдында оларды қайнаған сумен жидіткен жөн; жеке бас гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу; баланың далада аузына ештеме салмауын қадағалау; энтеровирус ауруының белгілері бар пайда болған адаммен қарым-қатынаста болмау; тыйым салған жерлерде шомылмау арқылы алдын алуға болады.

Ең маңыздысы – өз бетімен емделмей, ауру белгілері білінген сәтте дәрігерге қаралу қажет.

Менингитке қарсы жоспарлы егу ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілмегендіктен жүргізілмейді. Менингитке қарсы екпе алу тек Сауд Аравияға қажылыққа ниет етушілер үшін ғана міндетті болып табылады. Біздің облыста қажылыққа ниет етушілерге екпе салу тек Рамазан айы аяқталғаннан кейін қалалық № 1 емханасында ұйымдастырылып, жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.