Таразда жол белгілері мен бағдаршамдар жаңартылды

0 1

Қала көшелеріндегі жол белгілері мен бағдаршамдарды, көлік қозғалысын оңтайландыру бағытындағы жұмыстары  жөнінде ӨКҚ брифингте қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.  

Осыған байланысты 2018 жылға «Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша – 271 млн 745 мың теңге бөлініп, «СМЭУ – «Автотранссигнал – 2»» ЖШС – мен  келісім – шарт  жасалып Жамбыл даңғылы — Д.Қонаев — Комратов көшесі, Жамбыл даңғылы – Қазыбек  би көше қиылыстарында бағдаршамдар қайта жаңғыртудан өткен.

Көше қиылыстарында жарықдиодты жол белгілері қалпына келтіріліп, 14 дана уақытты артқа қарай санау таймерлері орнатылды.

Электр қуатын үнемдеу мақсатында  транспорттық 6 дана бағдаршамдар жарықдиодтық (LED) шамдарға ауыстырылды.

25 дана жол белгілеріне күтіп ұстау жұмыстары жасалды. Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының нұсқаулықтарына сәйкес, қала көшелерінде 49 дана жарықты шағылыстыру беті бар жол белгілері орнатылды.

Абай даңғылы — Әйтеке би, Абай- облыстық Әкімшілік, Абай – Казфосфат, Әл-Фараби көшесі маңындағы жаяу жүргіншілер жолы екіжақты светодиодты жол белгісімен жарықтандырылды және жол белгісі консольдары күшейтілді.

Сүлейменов — Қойгелді, Бектұрғанов — Пушкин, Сейфуллин — Әбішев көшелеріндегі бағдаршам нысандары қалпына келтірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.