Ескі травмай жолда қалдырды

0 0

Өскеменге Алматыдан жеткізілген трамвай вагондары көшеге шыққан күні бұзылып, жұртты әбігерге салды. Ең сорақысы, оны жөндейтін тірі жан табылмаған. Себебі, қалада бұл қоғамдық көліктің тілін білетін маман жоқ екен, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA КТК арнасына сілтеме жасап.

Өскемен көшелеріне көрік беріп, жолаушыларды діттеген жеріне жеткізеді деген алматылық ескі трамвай үмітті ақтамады. Техникалық ахаудың кесірінен сол күні екі вагон істен шыққан. Оның бірі нағыз қарбалас сәтте Үлбі көпірінде тоқтап, көлік қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріпті. Қуанышы ұзаққа созылмаған тұрғындар, қайтадан жапатармағай автобустарға отырған. Ал, іле-шала қатардан шыққан екінші алматылық вагонды әрең дегенде жөндепті. Айта кетейік, осы айда облыс орталығына Алматыдан 13 вагон әкелінген болатын. Бірақ, өңірде ескі трамвайларға қызмет көрсететін бірде-бір маман жоқ.

Владимир Панков, «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры:

«Қарапайым сақтандырғыш құралы күйіп кеткен. Ал, қызметкердің оны уақытында іздеп табуға біліктілігі жетпеген. Оның үстіне ескі трамвайларды Алматыдан жіберер кезде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмеген».

Leave A Reply

Your email address will not be published.