Менингит жұқтыру жағдайлары азайып келеді — Бекшин

0 0

Менингококк инфекциясын жұқтырудың шыңырауы артта қалды және сейіліп келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Бүгінде науқастану сейіліп келеді. Жалпылай республика бойынша бір аптада ғана 13 жағдай тіркелген. Үдемелі кезеңнен өттік және бүгінгі таңда Алматыда төрт тәулікте вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмегені қуантады. Менингитке шалдыққан 14 адам жазылып шықты, бұл объектив сандар науқастанудың сейіліп келе жатқандығын көрсетеді», — дейді Бекшин ОКҚ-да өткен брифинг барысында. 

Ол ел бойынша 24 адамның әлі де емделіп жатқанын айта кетті. Оның ішінде 12 адам Алматыда.

«Үш бала әлі де жансақтау бөлімінде — Алматы облысы және Астанада. Алматыда менингитпен жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Бүгінде Алматыда өз еркімен 360 адам екпе салдырды», — деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар, комитет басшысы call-орталықтардың жұмысы жайлы да айта кетті. Оның сөзінше, алдын алуға қатысты алғашқы тәуліке 4,5 мың сұрақ қойылған, ал екі күнде — 8 мың.

Қазірде Қазақстан бойынша менингококк инфекциясынан 13 адамның көз жұмғаны расталып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.