Елбасы келіссөздерге қалай дайындалады

0 1

Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларымен келіссөзге қалай дайындалатынын айтты, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Си Цзиньпинмен, Қазақстан мен Қытай арасында барынша сенімді қарым-қатынас орнаған. Ол Қазақстанға қатысты өте жақсы сөздер айтып, тіпті мені үлкен ағам деді. Бұл нені білдіреді? Сенім бар деген сөз. Ал сенім болғанда барлық мәселелер шешіледі. Кез келген жағдайда өз еліңнің мүддесін ескеру қажет. Егер сәл жақсы жасасаң жарайсың, ал екі жаққа тиімді жасасаң ол да жақсы», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы кез келген келіссөздің өте қиын болатындығын ашық айтты.

«Келіссөздер барлық уақытта да қиын. Мен келіссөздерге тыңғылықты дайындаламын. Сол келіссөздер өтпейінше күні-түні тыныштық жоқ. Барлық аппарат аяғынан тік тұрады. Кез келген уақытта түзетіп, дәлелдер келтіру үшін мәліметтерді талап ете аламын. Бұл өте күрделі процесс. Бұл — менің жауапкершілігім. Бұл жауапкершілікті халқым маған жүктеді. Менен басқа ешкім де оны жасамайды. Бұл білімді, бүге-шігесіне дейін сөйлесе білу шешендігін талап ететін өте күрделі процесс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.