Менингит кезінде қандай әрекет жасау керек

0 6

Шұғыл дәрігерге бару!!! Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA денсаулық басқармасына сілтеме жасап.

Менингиттің алдын алу үшін:

— Қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;

– Суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.

-Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай – ақ жануарларды ұстағаннан кейін;

— Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;

–Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңыздың денсаулығы өз қолдарыңызда!!!

Ата-аналар, біздің ұсынымдарымызды есте сақтаңыздар, басқа ата-аналармен, өздеріңіздің кәмелеттік жасқа толған балаларыңызбен және достарыңызбен осы ақпаратты бөлісіңіздер! Аурудың алдын алудың оңай екенін біліңіздер!

Leave A Reply

Your email address will not be published.