Жамбыл облысында колония басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

0 7

Жамбыл облысында колониядағы жедел қызметтер басшысының орынбасары сотталушыдан пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.

«12 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері Жамбыл облысы 158/5 мекемесінде жазасын өтеушіден 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен колония басшысының орынбасары ұстады», — деді Нұрлан Жахин.

Сондай-ақ, ол күдіктінің кінәсін толықтай мойындағанын және сол себепті қамауға алынбағанын айтып өтті.

«Ақша сотталушыны осы мекемеде жазасын өтеу үшін жағдайын жеңілдету үшін алынған», — деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.