Тараз   қаласында  екі бірдей көлік жанып кетті

0 2

Қала аумағында орын алған өрттен екі көлік те түгелдей жанып кеткен, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

Тараз қаласындағы  Мамбет батыр көшесінің бойында «Маzda-626» маркалы 1990 жылы шыққан автокөлігі өртенген. Өрт салдарынан мотор бөлігі толығымен жанып кеткен. ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 5 адам мен 1 техниканың күшімен толық сөндірілген.

Екінші жағдай, 13 маусымда  Тараз қаласы, «Құмшағал» иінінде Линейная көшесіндегі № 4 үйдің «Аudi-80» маркалы автокөлігінің өртенуі болған.

Өрттен 1986 жылы шыққан автокөліктің мотор бөлігі және салоны түгелдей жанып кеткен.  Өрт сөндірушілер келгенше тұрғындар өз күштерімен сөндіріп үлгерген.

Сонымен қатар, ТЖД бөлімшелері – 15 рет жедел шығып, оның ішінде өртке – 2, жану оқиғасына – 11, авариялық-құтқару жұмысына – 1, әр-түрлі сипаттағы – 1 рет шыққан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.