Ер есімі- ел есінде!

0 2

2015 жылы өрт оқиғасынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Ержан Еркінұлы Ахметовтың құрметіне салтанатты түрде тақтайша ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ТЖД сілтеме жасап.

Құрмет тақтайшасы Талас ауданына қарасты Тамды ауылындағы батыр тұрған үйде орнатылды. Салтанатты іс – шараға туыстары, әріптестері және ауыл тұрғындары қатысты.

«2015 жылдың 19 тамызында Талас аудандық №5 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, өртке қарсы қызмет старшинасы Ержан Еркінұлы Қаратау қаласындағы «Қазпочта» байланыс торабында таңғы сағат бестер шамасында орын алған өрт оқиғасы кезінде тілсіз жаумен жан аямай арпалысты. Ол өрттің өзге ғимараттарға жайылуына жол бермеуге ұжымдастарымен бірге бар күшін салғанды. Алайда, өкініштісі сол сәтте Ержан өзінің қызметтік міндетін орындау барысында орны толмас қазаға ұшырады. Өмірінің соңғы минуттарына дейін антына адал бола білді», — деді облыстық ТЖД Өртке қарсы қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансұр Шайкрамов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.