«Мен қазақпын» ұлттық мегажобасының қорытындысы белгілі болды

0 1

Бұл туралы бүгін ӨКҚ қызметінде өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Әулиеата өңіріндегі іріктеуді «JAMBYL» телеарнасы мәдениет басқармасымен бірлесе ұйымдастырды. Ұлттық арна аламанына 10 аудан мен Тараз қаласынан 146 үміткер бақ сынады. Кәсіби қазылар алқасы 41 үміткерге облыстық кезеңге жолдама берді.

Жүзден жүйрік шыққан өнерпаздар 13–маусым күні «Жеңіс» саябағындағы амфитеатрда гала-концерт өткізді. Бұл Тараз тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша рухани кеш болды.

Сондай-ақ, бүгін Тараз қалалық мәдениет үйінде облыстық іріктеу кезеңі өтті. 41 үміткер үш бағытта дәстүрлі ән, күй және терме жанрында сайысқа түсті. Нәтижесінде үздік деп 3 өнерпаз таңдалды. Атап айтар болсақ, терме жанрында Жуалы ауданынан Мәлік Мықтыбеков, дәстүрлі ән номинациясы бойынша Жуалы ауданынан Ахат Кенжебаев және күй жанрынан Тараз қаласынан Дулат Байзілдаев есімді жүлдегерлер Астанаға жолдама алып, облыс намысын қорғайтын болады.

Айта кететін жайт, республикалық кезең «QAZAQSTAN» ұлттық арнасы арқылы эфирден көрсетіліп отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.