Еліміз БҰҰ бітімгерлік миссиясындағы офицерлер санын арттырады

0 0

Қазақстан БҰҰ бітімгерлік миссиясындағы әскери бақылаушылар мен штабтың офицерлер санын 40 адамға дейін арттырмақ, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24 kz арнасына сілтеме жасап.

Қос палатаның біріккен отырысында еліміздің Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Елбасының осындай ұсынысын жеткізді. Депутаттардан қолдау тапқан бастама нәтижесінде бітімгершілік ротаны үнді контингенті құрамындағы «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына жолдау жөнінде шешім қабылданды. Ондағы мақсат Ливан халқына көмектесу.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

«Бұл БҰҰ бітімгершілік операциясын жүргізу аумағындағы қауіпсіздік пен ағымдағы ахуал туралы ақпарат алуға және осы ақпаратты контингент құрамында миссияға одан әрі қатысу жөніндегі  ұстанымды пысықтау үшін үшін пайдалануға  мүмкіншілік береді».

Leave A Reply

Your email address will not be published.