Елбасы адам өз ісін жақсы көруі үшін не істеу керектігі туралы ойымен бөлісті(ВИДЕО)

0 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адам өз ісін жақсы көруі үшін не істеу керектігі туралы ойымен бөлісіп, қазақстандықтарға кеңес берді. ҚР Президентінің телерадиокешені Facebook-тегі өзінің парақшасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын берген сұхбатынан үзінді жариялады, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоға жазылған сипаттамада Елбасының кеңесі жұмыста жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін пайдалы болатыны атап өтілген.

«Президенттің кеңесі бар бұл бейнеролик шынайы көңілмен еңбек етуге жақсы ынталандырады деп үміттенеміз», — делінген сипаттамада.

Нұрсұлтан Назарбаев адам жұмысқа қандай көңіл-күймен баратыны маңызды екенін атап өтті.

«Егер сен жақсы көріп істесең, кез келген жұмыс бақытқа айналады. Негізгі үш қағида бар: жұмысты ұйымдастыра білу, еңбек ету және өз ісіңе қанағаттана білу керек», — деді Мемлекет басшысы.

Президент егер адам жұмысқа сондай көңіл-күймен баратын болса, онда ол өз жұмысынан қанағаттанатын болады деп есептейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.