Жамбыл облысындағы өндірістік объектілердің қауіпсіздігі айқындалады

0 7

ӨКҚ «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы декларациялануға жататын қауіпті өндірістік объектілер» тақырыбында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақов мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын тәртіп енгізілген.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға, қауіпті өндірістік объектілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысымен бекітілген декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады.

Қауіпті өндірістік объектіні декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындау үшін қауіпті өндірістік объектінің жобалық құжаттамасын әзірлеуші немесе қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым жобалық құжаттаманы талдау негізінде технологиялық процестерде туындаған жағдайда өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың және техникалық құрылғылардың бұзылу, бақыланбайтын жарылыс және қауіпті заттардың шығарылу ықтималдылығы жоққа шығарылмайтын барынша ықтимал қауіпті өндірістік факторларды анықтайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.