Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы суға батып кетті

0 0

Жамбыл облысында тағы бір адам суға батып кетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 маусым күні 18:15-те Ақбұлым ауылының тұрғындары «Базарбай» арнасынан 2004 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарып алды. Ол шомылуға болмайтын жерде шомылып жүріп, суға батып кеткен», — дейді ведомство өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 14 маусым күні 12:40-та Шу ауданының Қонаев ауылында да арнада шомылып жүрген ер адам суға батып кеткен.

Бұл — жыл басынан бергі сегізінші қайғылы оқиға. 2017 жылы 33 адам суға батып, өмірі қиылған, соның 22-сі — балалар болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.