WhatsApp мессенджерінде жаңа өзгеріс пайда болады

0 0

Таяуда WhatsApp мессенджерінде өзгеріс пайда болады. Себебі мессенджер иелері енді қосымшадан көбірек табыс тапқысы келіп отыр, — деп хабарлайды «Звезда» телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, биыл 2018 жылы WhatsApp-та жарнамалар пайда болады. Яғни, чат ашылған кезде онда жарнама берушілердің жарнама баннерлері шығып тұрады.

«Сіз WhatsApp мессенджерін қолданған кезде Facebook желісі сіздің мекенжайыңызды, қандай өнімдердің сізді қызықтыратынын жайлы білетін болады», — деп жазады Slate порталы.

Осылайша, басылымның мәліметінше, Facebook WhatsApp мессенджерінен көбірек табыс табуға ниетті. Осыған дейін WhatsApp-та «қара тізімдегі» адамдарға хат жіберуге болатын ақау анықталған еді.

WhatsApp мессенджерін 1,5 миллиард, Telegram-ды 200 миллион адам қолданады. Жаңа қызмет түрлері Facebook желісіне тиесілі сервиске адам санын арттыруға мүмкіндік бермесе де, бар қолданушыларды талқылауға ынтасын арттырып, қосымшада ұзағырақ болуын арттырады.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.