Қазақстанда киберспорт ресми түрде спорт түрі деп танылды

0 4

Қазақстанда киберспорт ресми түрде спорт түрі деп танылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Киберспорт жанашырларының құрған Qazaq Cybersport Federation республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тарапынан қолдау мен ықыласқа ие болды.

«Бүгінде электрондық спортты дамытуға кешенді мақсатты бағдарлама жасалып, халықаралық бейіндік ұйымдарға қосылу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Ресми түрде танылған және Федерациядан аккредитациядан өткен ұйым енді ресми түрде елімізді халықаралық алаңдарда өкілдік ете алады» , — делінген Федерацияның интернет-ресурсы (www.qcf.kz»интернет) таратқан хабарламада. 

«Қазақтелеком» басқарма төрағасы, Qazaq Cybersport Federation президенті Қуанышбек Есекеев Facebook әлеуметтік желісінде «Жуырда федерация бірінші жеңісін сенімді түрде жария ете алады», — деді. 

«ҚР Мәдениет және спорт министріне жазған хатымызға оңтайлы шешімге келіп, киберспортты 25 мамыр күні  ресми түрде спорт түрі ретінде қабылдады. Осыған орай, электрондық спорттың әуесқойларын құттықтағым келіп отыр» , — деді ол. 

2017 жылдың қазан айында киберспортты Халықаралық олимпиада комитеті олимпиадалық спорт түрі ретінде тану мәселесін қарауға алды. Сарапшылардың мәліметі бойынша, 2017 жылы киберспорт нарығының айналымы 655 миллион доллар болған, ал 2021 жылы оның айналымы 1,6 миллиард доллардан асады деген үміт бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.