Алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

0 0

Синоптиктер маусым айының соңында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

27 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

30 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз 32-37, кей жерлерде 40 градус жылы.

Оралда 27 маусымда күндіз найзағай, солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с, бұршақ жаууы мүмкін. Ал 30 маусымда күндіз қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз 40 градус жылы болады.

28 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында 28-30 маусымда күндіз 43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 28-30 маусымда Атырауда, күндіз 30 маусымда Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысында 40-41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.