Астананың 20 жылдығына орай дін өкілдері бас қосты

0 0

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаевтың төрағалығымен діни бірлестіктер өкілдері бас қосты. «Астана – бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» атты шараға еліміздегі діни бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері, Дін істері комитеті, Ұлттық мұрағат және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы қызметкерлері қатысты. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеті төрағасы Е.Оңғарбаев өз сөзінде: «Биыл Астананың елорда мәртебесін алғанына 20 жыл толып отыр. Бұл мереке әлеуметтік-саяси маңызға ие және шын мәнінде Қазақстан халқы үшін жалпыхалықтық болып табылады. Елбасы Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған сыртқы саясаты мен тұрақты қамқорлығы арқасында Астана – Қазақстанның мемлекеттілігінің және жас мемлекеттің Тәуелсіздік шежіресі бөлімінің ең жарқын басты символы, заманауи брендіне айналды», — деп елорданың жетістіктерінің маңыздылығы туралы баяндады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету тәжірибесі, сондай-ақ біздің еліміздің және оның Президентінің халықаралық беделі Астанада мәдениеттер мен әлемдік діндер диалогын ұйымдастыруға мүмкіндік бергенін айтты. «Астана — бейбітшілік пен келісімнің тоғысқан жері және бейбіт келіссөздер мен әлемдік діндер диалогы алаңы», — деп мәлімдеді ол.

Астана киелі округінің өкілі Дмитрий Байдектің айтуынша,  Астана – дінаралық диалог мекені. Биыл күзде Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері Астананың рухани саммитінде алтыншы рет кездеспек. Қазақстан халқы бүкіл әлемге өзінің бірлігі, толеранттылығы, діни төзімділігін көрсетті.

– Астана жарқын болашаққа нақты қадам жасады. Бұл қала елімізді жаңа жетістіктерге шабыттандырып, жұдырықтай біріктіріп, ілгері бастауда, деген жылы лебізін білдірді Д.Байдек.

Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері Астананың халықаралық диалог алаңы ретінде ерекше маңызға ие болғанын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.