НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, БАЙҚАУ!

0 0

«Тараз» ФК-ы команда Әнұранына байқау жариялады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

«Тараз» КФК-ы барлық тілек білдірушілер арасында «Тараз» футбол клубы Әнұранының мәтініне байқау жариялайды.

Ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар:

  1. Әнұран мәтіні қазақ тілінде болуы керек.
  2. Әнұран мәтіні қайырмасы оңай жатталатын екі шумақтан тұруы керек. Мәтін команданың спорттық рухын, оның футболдық дәстүрлерін, тарихи жеңістерін беруі тиіс.
  3. Мәтіннің музыкасының болуы қошталады.
  4. Мәтіні мен музыкасы еліміздегі және әлемдегі басқа футбол клубтарының сөздері мен әуендерін қайталамауы керек.
  5. Жеңімпаз Әнұран мәтіні мен музыкасының барлық құқығын «Тараз» КФК-ына беруі тиіс.

Өз туындыларыңызды үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейін «Тараз» ФК-ның (…) электронды поштасына немесе орталық стадиондағы баспасөз қызметіне жолдай аласыздар. Байқау жеңімпазы 50 000 теңге жүлдеге ие болады.

Ең бастысы – ол клуб тарихындағы тұңғыш Әнұранның авторы болады.

Ынталандыру сыйлықтары берілуі де мүмкін.

 «Тараз» футбол клубының баспасөз қызметі

8 777 977 77 43

Leave A Reply

Your email address will not be published.