Әлемде ең жылдам жойылып бара жатқан ұлт анықталды

0 4

29 маусым күні Болгария халқының саны 7 миллион адамнан азайды. Мұндай ақпарат БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің есептегішінде көрсетілген, — деп хабарлайды sputniknews.kz.

Болгария халық санының жылдам азаюына алаңдаулы. Елдің қазіргі ахуалы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдан да жаман. 1946 жылы Болгарияда 7 029 349 адам тұрған.

«Бұл жаман жаңалық…Болгарияның демографиялық ахуалы нашарлап барады, ол өлім аузында…Біз әлемдегі ең жылдам құрып бара жатқан ұлтпыз», — деді академик Петр Иванов.

Порталдың мәліметінше, 29 маусым күні Болгарияда 120 сәби дүниеге келсе, 193 адам өмірден озған.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүргізілген халық санағына сәйкес, 1946 жылы Болгарияда 7 029 349 адам тұрған. Ал 1985 жылы тұрғындар саны 8 948 649 адамға жетті. Қазір Болгарияның демографиялық ахуалы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдан да нашар, деп жазады басылым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.