Тараз қаласында 48 оқушы мемлекеттік білім беру гранттарына ие болды

0 3

Таразда 2017-2018 оқу жылында 60 мектепті (орта-56, бастауыш-3, кешкі мектеп-1) 66 595 оқушы аяқтады. Оның ішінде 11 сыныпты 2414 оқушы (күндізгі мектептерде -2275, кешкі мектепте — 139) бітірді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 15 маусым күні мектеп бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсырылды.

Қорытынды аттестаттаудың нәтижесіне сай «Алтын белгі» мен үздік аттестат иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директоры бұйрығымен бекітіліп, мемлекеттік емтихандардың қорытындысы негізінде үміткер ретінде тіркелген 58 түлек «Алтын белгі», 29 түлек үздік аттестат иегері болды.

Сондай-ақ, жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлектерінің 1659-ы өтініш білдіріп, оның 1642-і тестілеуге қатысты. Бұл көрсеткіш күндізгі мектеп бітірушілердің 72,1 пайызын құрады.

ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген 1659 оқушының 4-еуі денсаулығына байланысты және 13-і шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты тестілеуге қатысқан жоқ. Қазіргі уақытта 75 оқушы жоғары оқу орындарына түсіп, оның 48-і мемлекеттік білім беру гранттарына ие болды (Ресей — 62, Қырғызстан – 13).

Сонымен қатар, ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша шығармашылық емтихандар тапсыруды қажет ететін мамандықты таңдаған оқушылар екі пәннен тест тапсырды. Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 84,29-ды құрады. Ал 21 оқушы аппеляцияға өтініш білдіріп, 18 оқушының өтініші қанағаттандырылып, 52 балл қосылды.

Білім мекемелерінің қатарындағы ең жоғарғы балл №45 гимназияда болып (104,06 балл). №30 (101,08), №1 (100,12), №24 (98,68), №27 (94), №12 (93,25), №8 (92,15), №56(91,86), №5 (90,01), №48 (89,85) орта мектеп алғашқы 10 мектептің қатарына енді.

Тест тапсырған түлектердің 24,1 пайызы, яғни 396 оқушы 100-ден жоғары балл алды. Ең жоғарғы көрсеткіш – 136 баллды №12 МГ – Әбілова Ұлдана есімді оқушы көрсетті.

«Алтын белгіге» үміткер 58 оқушының 49-ы, 29 үздік аттестат иегерлерінің 28-і тестілеуге қатысты. «Алтын белгі» иегерлерінің он бірі 100-ге дейін, отыз сегізі 100-ден жоғары, ал үздік аттестат иегерлерінің тоғызы 100-ге дейін, он тоғызы 100-ден жоғары балл алды. Жалпы алғанда көрсетілген санаттағы оқушылардың 74 пайызы 100-ден жоғары балл жинады.

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.Жинақбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.